Көкшетау қалалық ауруханасы 1953 жылы терапевтік аурухана мен қалалық емхана негізінде құрылды. 1972 жылы Сәтбаев көшесі 85-де қалалық аурухананың жаңа ғимараты салынды.

2010 жылдың сәуір айынан бастап "Көкшетау қалалық ауруханасы" МКҚК-нан  ШЖҚ МКК кәсіпорнына қайта ұйымдастырылды.

2020 жылдың қазан айында  200 төсектік " Жұқпалы аурулар орталығы " ашылды.

Аурухананың қуаттылығы: тәулік бойы  296 төсек-орын және күндізгі стационарда  30 төсек-орын және " Жұқпалы аурулар орталығы " 40 төсек

10 мың тұрғынға, шаққанда 17,2 төсекпен қамтамасыз етіледі.

Кәсіпорынды жоғары санатты ұйымдастырушы дәрігер, денсаулық сақтау ісінің  үздігі-Қалымжанов Сәкен Қалымтайұлы басқарады.

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасы» ШЖҚ МКК қаланың ересек тұрғындарына келесі мамандықтар бойынша білікті, мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді: хирургиялық, оның ішінде қан тамырлары хирургиясы, кардиологиялық, неврологиялық, оның ішінде медициналық оңалту, инфекциялық, терапиялық және гинекологиялық профильдер.

Ұжымда 419-дан астам адам жұмыс істейді, оның ішінде 52 дәрігер, 195 орта медициналық қызметкер және 7 Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау үздігі.

Дәрігерлердің санаттылығы 70% және ОМП 57%.

Емделіп шыққан науқастардың жыл сайынғы көлемі 10 000-нан астам пациент.

Операциялық араласулардың көлемі 1 479-дан астам.

Хирургиялық белсенділік 67,76%  құрайды.

Медициналық жабдықтармен жарақтандырылуы 87,45%.

 

МІНДЕТ

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

«Адамды сауықтыру - ұлт денсаулығын нығайту»

Толығырақ