ІШКІ АУДИТ ҚЫЗМЕТІ

 

Ішкі аудит қызметінің мақсаты: проблемалық мәселелерді анықтау және көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын одан әрі жақсарту

Егер,Сіз

- медициналық қызмет көрсету сапасымен көңіліңіз толмаса;

- медициналық персонал тарапынан дөрекі қарым-қатынасқа тап болсаңыз;

- тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін қызметтер үшін медицина қызметкерлерінің ақша қаражатын бопсалау фактілеріне тап болсаңыз;

- егер сіз медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасына байланысты басқа да проблемалық мәселелерге тап болсаңыз, ішкі аудит қызметіне хабарласуларыңызды сұраймыз: әкімшілік корпустың Кокшетау қ. Сатпаева к. 85   кабинеті, сенім телефоны (87162) 72-16-09 және мобильдік номер +770551876849 (сағат 9-00-дан  18-00-ға дейін).

 

Сондай-ақ Сіз "Өтініштерге арналған жәшікте" сіздің байланыс мәліметтеріңізді (Т.А.Ә., мекенжайды, телефон нөмірін) көрсете отырып жазбаша өтініш қалдыра аласыз немесе біздің http://gb.akmzdrav.kz/ru/ электрондық сайтымызға жүгіне аласыз.

"Өтініштерге арналған жәшіктер" 

Ішкі аудит қызметі Сіздің өтінішіңізді 5 күнтізбелік күн ішінде қарайды және Сіздің өтінішіңізді қарау нәтижелері бойынша ақпарат береді. 

Біз ұйымымызмен көрсетіліп жатқан медициналық көмектің сапасын жақсартуға көмек беретін Сіздің шағымыңыз, пікіріңіз және тілектеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз!

Сұрақ қою

Security code
Суреттегі кодты енгізіңіз