Жыл сайын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен мамырдың әр үшінші жексенбісі ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні ретінде атап өтіледі. 2022 жылы ол 15 мамырға келедіжәне «Біз еске аламыз! Біз әрекет етеміз! Біз АИТВ-ға қарамай өмір сүреміз!» ұранымен өтеді.

 Бұл күн алғаш рет 1983 жылы Сан-Франциско қаласында аталып өтілген болса, қазіргі таңда   әлемнің 115 елінде,   1200 жуық  қоғамдық ұйымдардың атсалысуымен өткізілетін кең көлемді шаралардың бірі болып табылады.

2022 жылдың 2-13 мамыр аралығында Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алудың Дүниежүзілік күніне арналған іс-шараларды, оның ішінде АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша жастармен және халықпен кездесулерді, адамдар көп жиналатын жерлерде әрбір адам өзінің АИТВ мәртебесін біле алатын акцияларды өткізеді және де 20 минут ішінде орталықтың мамандарынан кеңес алуға болады. АИТВ-ға тестілеу мамандандырылған автокөлікте жүргізіледі.

Мұндай іс-шаралар 12 мамырда Теміржол вокзалының аумағында 11:00-ден 13:00-ге дейін және Орталық қалалық саябақта 14:00-ден 17:00-ге дейін, 2022 жылғы 13 мамырда Орталық базарда 11:00-ден 13:00-ге дейін және 14:00-ден 17:00-ге дейін Қопа көлінің жағасында өтеді.

Акцияның өтетін орны туралы Ақмола ЖИТС орталығының Instagram @akmaids аккаунтының ресми парақшасынан білуге болады.