Аналитикалық анықтама  жүктеу

 

 

Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы "Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасы" ШЖҚ МКК

2022 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет туралы есебі

 

 

  1. Жалпы ережелер

1) көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.

Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы "Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасы" ШЖҚ МКК.

 

2) мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы "Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасы" ШЖҚ МКК үш Мемлекеттік қызмет көрсетеді:

"Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру"

"Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру"

"Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру".

2022 жылдың қорытындысы бойынша стационар электрондық нұсқада 15 838 Мемлекеттік қызмет көрсетті. Олардың ішінде:

- "Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру" - 12572 қызмет,

- "Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру" -186 қызмет,

- "Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру" - 3 080 қызмет.

 

3) неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

2022 жылдың қорытындысы бойынша жүргізілген талдау негізінде ең сұранысқа ие мемлекеттік қызмет:

"Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру" - 12 572 қызмет.

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

 Ақпарат медициналық ұйымның ресми интернет–ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылады.Бұдан басқа, ақпарат стационарда ақпараттық стендте жалпыға қолжетімді жерде орналастырылған.

 

3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).

2022 жылға.

Электрондық мемлекеттік қызметтерді алу үшін "Е-GOV" өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. 2022 жылы "Е-GOV" өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы барлығы 10 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

2023 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету саласында біліктілікті арттыру жоспарланған.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

2022 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша "Көкшетау қалалық көп бейінді ауруханасы" ШЖҚ МКК көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

 

 

Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы "Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасы" ШЖҚ МКК 2023 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет туралы есебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Сұрақ қою

Security code
Суреттегі кодты енгізіңіз